Жас америкалық өзінің "сарқылмас байлығын" паш еткісі келеді

Жас америкалық өзінің "сарқылмас байлығын" паш еткісі келеді

Өзін "Lavish" деп атағанды жақсы көретін Сан-Францисконың Парам есімді 17 жастағы жігіті өзінің көл-көсір дүниенің астында жатқанын және байлыққа балағы сүрініп жүргенін бүкіл әлемге паш еткісі келеді. Жас жігіттің ойынша, оның өмірі сөзбен айтып жеткізгісіз...

Әлеуметтік желілерде бір бума банкнот пен заманауи жаңа ұялы телефондардың алты-жетеуін қатар алып көрсету секілді толып жатқан өз суреттері мен бейнебаяндарын таратып, ауыстырып тұрады. Бір суреттерде алты бірдей Айфонның басын қосып жатса, ендігі бір суреттерде "Бентли" көлігінде алтын сағат, қымбат жауһарлармен жасанып жатады. 

Өзінің бір бейнебаяндарында 100 долларлық бума ақшаларды санау арқылы жан дүниесін "тыныштандырған". Ол аздай, әлемге әйгілі жұлдыздарға хат-хабар жолдап, олардың "түкке тұрғысыз кейіптері" мен "құнсыз бағаларын" айтып, жиі-жиі келемеж етіп тұруды да әдеткен айналдырған сыңайлы.
Тиісінше, көлгірсіп кеткен жас жігітке "ата-ананың күйігі" немесе "пафосқа берілген бәтеңке" деген лақап аттар айтылып жатыр. Бірақ... Есесіне кей ағайындары жас жігітке деген қолдау-қолпаштауларын жасырмайды: "Бұл жігіт-батыр. Жіңішке жолда жігерленіп келеді..."
сурет: 24gadget.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига