Теңіз арыстаны билеуді үйренді

Теңіз арыстаны билеуді үйренді

Би - көңіл-күйді көтерудің жақсы жолы. Дегенмен бұл мүмкіндік тек адамдарға емес, жануарларға да тиесілі. Бұл шешімге Америкадағы Калифорния университетінің ғалымдары келіп отыр. Мамандар бұл ойын үш жастағы теңіз арыстанына билеуді үйреткеннен кейін айтты.

Ғалымдардың айтуынша, олардың жұмысының қарапайым дрессурадан айырмашылығы, олар айналысқан жануарлар арнайы үйретілген музыкаға ғана емес, кез келген әуеннің ырғағына сай билей алады. Төмендегі видеода теңіз арыстанының музыка ритміне қарай қимылының қалай өзгеріп отыратындығын көре аласыздар:

Тәжірибе кезінде биологтар жануарға бәрінен бұрын Backstreet Boys тобының орындауындағы Everybody композициясы ұнайтындығын айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: YouTube сайтынан скриншот