Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Біздің планетаның құпиялары

Біздің планетаның құпиялары

Біздің планетаның құпиялары

Қыры мен сыры мол алып Жер планетасының әлі де сіз біле бермейтін көп құпиялары бар. Соның  бірнешеуін бірге тарқатып көруге қалай қарайсыз?

Сахарада қыс болады


Сахара өзінің ашық-сары түсті қыраттарымен және анадан-мынаған дейін созылып жатқан құмдарымен танымал. Және адам төзгісіз ыстық. Білесіз бе, бұл өңір де бір кездері ақ көрпеге оранып көрген. Мәселен, 1979 жылы Сахараның алжирлік бөлігінде қалың қар жауғаны соншалықты, көліктер қатынай алмай қалды. Ал осындан мың жыл бұрын ұлы даланың бір бөлігі салқын климатты болған деседі.

Ең құрғақ жер Антарктикада


Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр. Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқанВиктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.

Калифониядағы "Жерорта теңізі"

Әдетте Жерорта теңізінің климаты - жаздыгүні қоңыржайлығымен, қыстыгүні жауын-шашындығымен ерекшеленеді. Дәл осындай қалыпты Калифориялық жағалаудың үлкен бөлігі, Оңтүстік Африка, Чилидің орталығы және Батыс, Оңтүстік Аустралия иемденіп жатыр. Бұл да бір шешілмеген құпия...

Канар аралдары канарейкалардың құрметіне аталмаған


Көптеген адамдар Канар аралдары ол жерді мекендейтін канарейкалардың(ақ сары әнші құс) құрметіне аталған деп жатады. Шын мәнінде, ол құстар аралдың құрметіне аталған. Аралдың көне атауы Сanis, яғние Ит болған деседі. Өйткені, кезінде осы аумақты мекендейтін римдіктер иттерге табынған екен.

Швейцарияның астанасы жоқ


Швейцариялық парламент Берна қаласында қоныстанғанымен, қала ресми түрде астана болып танылмаған. Берна - Швейцария үшін президент тұратын және арнайы іс-шаралар ұйымдастырылатын федералдық орталық қана екен.

Франция Бразилиямен шектеседі

Бұлай деп кім ойлаған? Алайда, бұл - ақиқат. Орталық-еуропалық мемлекет Латын Америкасымен шекараласады. Шекараның ұзындығы - 673 шақырым. Францияны Бразилиямен көрші етіп отырған - Франуздық Гвиана. Аталған колония елдің солтүтсік - шығысында орналасқан.

Әзірге осы. Әлемтанудан тағы да сіз білмейтін ақпараттарды күтіңіз...

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7160 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 сәуір 2013, 16:50
Пікірлер
+0
07 сәуір 2013, 17:59

Франция Бразилиямен шектеседі деген қызық екен ))))

+0
07 сәуір 2013, 18:09

сахарада қыс болады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепіт)

+0
07 сәуір 2013, 19:39

менің да :lol: :lol:

+0
07 сәуір 2013, 22:17

ал мен бұрыыын оқығам сол туралы :D

+0
07 сәуір 2013, 19:07

франция мен Бразилия, Швейцарияның астансы бұлар планетаның құпияларына жатпайтын сияқты. Құпия деген не? Ол ешкім жауабын тауа алмай түпкі субстанциясын тауа алмайтын құбылыс немесе белгілі бір бөлшек емеспе?!!

+0
07 сәуір 2013, 19:39

ееее қызықққ

+0
08 сәуір 2013, 10:48

Швейцарияның астанасы жоқ шынымен географияда сонда оқымадық па не? :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...