Финдіктер ұйықтап ақша табуға шақырды

Финдіктер ұйықтап ақша табуға шақырды

Финляндияда орталығындағы отельдердің бірі "ұйқы мамандарын" жұмысқа шақырып жатыр.

Қызметке фин, ағылшын, орыс тілдерін білетін кез келген жігіт немесе қыз бала үміткер бола алады. Жұмыскердің басты міндеті - ұйықтау. Қызметкерге ұйықтауға арналған арнайы бөлме беріледі. Әр ұйықтаған сайын азамат жеке блогын жаңартып отыруы керек.

Блогшы жазбасында қонақ үй номеріндегі ұйқы туралы жан жақты ашып жазып, ньюанстарын зерттеуі керек. Жұмыс берушілер қызметкерге басқа қандай міндеттер жүктелетінді туралы ештеңе демеген.

Қазіргі кезге дейін жұмысқа тұруға 500-ден ниет білдіріп, үміткер болып отыр екен. Дегенмен, басшылық әлі таңдау жасаған жоқ.

Айта кетелік, хабарландыруда тек бір нәрсе көңілге күмән ұялатады. Жұмысқа кіріскен қызметкермен тек 35 күнге дейін келісімшарт жасалады. Оның ары қарай жұмыс жасайтындығы, не шығарылатындығы басшылықтың шешімінен кейін белгілі болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: digest.subscribe.ru

Massaget