Қарым-қатынасты үзгіңіз келсе...

Қарым-қатынасты үзгіңіз келсе...

Романтикалық қарым-қатынасты үзіп кетуге қай кезде де жүрек дауаламайды. Қоштасудың сәті туғанымен, жүрек ауыртар кездесуден қашқақтайтындар қаншама. Ол қатарда сіз де барсыз. Мен де бармын. Ол да бар. Енді міне сол бір ауыр азаптан түбегейлі құтылудың оңтайлы мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін қазақ болып туылып, ағылшын тілін білу қажет. Және Ұлыбританиядағы 21 жастағы Джонатан Кикбуштың алдынан табылу тиіс.

Әрине, Еуропаға қалтасы қалың жандардың ғана бара алары анық. Дей тұрғанмен, аталған идеяның арқасында сүймей қалған адамды тастапсүйген адамыңызға тез арада қосыла аласыз. Ол үшін ой тоқтатып, ойдан артық қуат алатын жақындарыңыздың біріне бар қайғыңызды жайып салыңыз. Шын тілеулес болып жатса, онда міндетті түрде сізге қол ұшын созып, әлгі қызға немесе жігітке бәрін түсіндіріп, арадағы соңғы кездесуді өз мойнына алуға тырысады. 
Джонатан Кикбуш ойда жоқ сәтте, бір кәсіптің маманы болып шыға келген. Бұрын-соңды болып көрмеген кәсіпке білек сыбана кірісіп, бүгінгі таңда қыз-жігіттердің сезіміне сына қағып жүр. Айырылысудың ертеңі үлкен соққы болып тиетінін және өзі бастан кешкен махаббат азабын - бәрісін-бәрісін ой елегінен өткізіп, адамдардың бақытты болуын толыққанды қылмаса да, өз мойнына алған сыңайлы.
Ара-тұра адамдарды ажырастырудың қаншалықты мәні бар деген сұрақ туындайды? Бірақ, Джонатан осы ғасырдың бір перзенті ретінде адамзат баласына қай жолмен болмасын жақсылық жасағысы келеді екен. Сол үшін де жылап, еңіріп келетін, көз жастары көл болып отыратын адамдардың сезіміне төзіп бақпақ. 
   
сурет:nnm.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига