Жыртқыш балықтар

Жыртқыш балықтар

Теңізасты тіршілігінің жыртқыш балықтары жөнінде біле жүріңіз. 

Тарғыл балық. Бұл түрдегі балық азулылығымен, тісінің өткірлігімен ерекшеленеді. Әдетте, аузының үлкендігіне орай жыланбалықты да жұтып жібере алады.

Қызыл қарынды тарғыл балық. Бұл әдетте Амазон дариясында өмір сүреді. Олжасын топтасып аулайды. Тістері өте өткір болғандықтан, нысанаға алған балықты әп-сәтте бөліп әкетеді. Жыртқыштығы себепті «Теңіз қорқауы» деп те аталады.

Пипа балығы. Бұл түрдегі балықтар әдетте ұлы теңіз бен мұхиттарда өмір сүреді. Дене ұзындығы 60 см. Сыртқы тұрпаты өте қорқынышты болып, оны көбінде «Тозақтан келген албасты балық» деп атайды. Денесінде ұсақ тікендер болады. Бас бөлімінен шығатын нұр арқылы өз олжасын баурайды. Ал олжасы жақындаған сәтте-ақ бірден шабуылға өтеді.

Азулы пипа балығы. Әдеттегі тістерінен басқа таңдайында да өткір тістері болады. Тісі ауыз қуысына қарай иіліп тұратындықтан, әдетте өз олжасын шайнап өлтіреді. Бұл түрдегі балық «Теңіз астындағы қырғындағыш машина» деп те аталады. Олардың таңдай және асқазан бөлігі ісініп, кеуіп тұратындықтан өз денесінен әлдеқайда үлкен балықтарды түгін қалдырмай жұтып жібереді.

Морай балығы. Бұл балықтың ұзындығы 4 метрге таяу. Әдетте, су астындағы қада тастарға жасырынып, өз олжасына тыныш қалыпта жақындайды. Күшті азуы мен таңдайы шабуылдаған олжасын тірі қалдырмайды. Адамдарға да шабуыл жасайды. Өткір тістерінде улы бактериялар болғандықтан, жаралы қалған олжасының да тірі қалуы мүмкін емес.

Жасыл морай балығы. Бұл түрдегі балық тек түн ішінде ғана шабуылға шығады. Морай балығы секілді мұның да дене тұрқы ірілеу. Бірақ, шабуылы өте тез. Олжасын табан астында өлтіруге тырысады.

Жолбарыс балық. Ұзындығы екі метрге таяу. Бүгінге дейін ең танымал жыртқыш балықтың бірі. Бұл балықтан көптеген біраз сулы аймақтардағы адамдардың өзі зардап шегеді. Ең басты қаруы – өткір тістері.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

сурет: izismile.com

Қ. Қауымбек