Шөл ме, көл ме?

Шөл ме, көл ме?

Туркан көлінің жағалауына бара қалсаңыз өзіңізді теңізде жүргендей сезінесіз. Суға күмп етіп түсіп, толқындармен алысқыңыз, теңіз жұлдыздары мен қабыршақтарды жинағыңыз-ақ келіп кетеді. Тоқтаңыз! Асықпаңыз! Бұл өзен Солтүстік Кения шөлінде жатыр. Адамдар таңғажайып көлді Рудольф деп те атайды екен.

Туркан көлі Ұлы Рифтер жазығынан орын тепкен және құрамында бір емес үш бірдей арал бар: Оңтүстік, Орталық және Солтүстік.


Рудольфтің жалпы аумағы жеті мың шаршы шақырымды құрайды.

Көлге Омо, Турквел және Керио атты өзендер құяды.

Турканның максималды тереңдігі 3 метрден асады. Ал ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 249 шақырымды құрайды. Бұл жерде жиі-жиі дауылдар болып тұрады. Және ең қорқыныштысы, Туркан қолтырауындардың отаны саналады.

Алайда, дауыл да, құбыжықтар да туристер қауымын қорқытқан емес. Жыл сайын мұнда мыңдаған туристер демалуға келіп жатады.

Суреттер:liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева