Швейцарияда қалқымалы аралдарды сынақтан өткізбек

Швейцарияда қалқымалы аралдарды сынақтан өткізбек

Швейцариялық Viteos энергетикалық компаниясы күн панелімен жабдықталған, қалқымалы үш бірдей аралды сынақтан өтікізбек екен. Жоба аясында, Viteos компаниясы Nolaris атты ұйыммен біріге отырып, жұмыс жасамақ. Жоба бойынша әр аралдың диаметрі 25 метрді құрамақ. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына 100 дана фотоэлектрлік панель орналастырылмақ.

1

Viteos компаниясы хабарлағандай, аралдар тек ғылыми мақсатта ғана салынбақ. Жоба аясында салынған құрылыс нысанына желдің, судың коррозиясы мен толқындардың әсері зерттеледі екен. 

 

2

3

Аралдар Күннің қозғалысына қарай 220 градусқа дейін айнала алады. Оның құрылысына негізінен үрмелі камералар қолданылатын болады. Аралдарды 2014 жылы Невшатель көлінің жағалауына орналастыру жоспарланып отыр. Экспериментальды жоба 25 жылға арналған.

 

`Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет