Қытайдан ең кішкентай динозавр табылды

Қытайдан ең кішкентай динозавр табылды

"Динозавр" деген сөзді естіген көпшілік оны үлкендігі бірнеше метр болатын алып деп елестетуге дағдыланған. Бірақ, жақында ғана қазба жұмыстары барысында қытайлық ғалымдар тауып алған динозаврдың жаңа бір түрінің дене бітімі қазіргі кездегі құстардың өлшемімен бірдей. Табылған динозаврдың жаңа түрі Yulong mini деген ғылыми атауға ие болып үлгерді. Ол Oviraptoridae аталған шағын денелі динозаврлардың тобына жатады екен. 

1

Оның ұзындығы бар болғаны 0,5 метрді құрайды. Ал жас түрлерінің дене өлшемі одан да кішкене болған. Яғни олар балапанды көз алдымызға елестетеді. Палеонтологтардың ойынша, Yulong mini-дің қауырсындары болған. Оның қаңқалары орталық Хэнань провинциясынан табылды. Ғалымдар Yulong mini динозаврын шөппен қоректенген деп отыр. Сондай-ақ ол бор дәуірінің аяғында өмір сүрген деседі.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет