Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Үнді еліне сапар

Үнді еліне сапар

Көпшілік қауымды атақты фильмдері мен тәтті қара шәйімен баурап алған Үндістан елі соңғы кезде туристік аймақтарымен кеңінен танымал. Мысалы, Гоа курорттық мекеніне немесе Керал шипалық аймағына келетін туристер саны әр маусым сайын артуда. Бұған қызықты экскурссиялық бағдарламалар, экзотикалық демалыс пен медициналық орталықтардың қызметінің қолжетімді бағада сатылуы ықпал етеді.

Үндістан елінің түкпір түкпіріне чартер ұшақтарымен баруға болады. Демалысын теңіз жағасында өткізгісі келетін жандар шипажайлар мен экзотикалық аймақтарды қарастырса болады. Сондай-ақ, Үнді еліне саяхатты туристік бағдарламалардан тыс кез келген жан өз бетінше жасай алады. Ол үшін ірі қалалардың біріне апаратын ұшақ әуе билетін сатып алып, келген бойда дербес саяхатыңызды бастай аласыз.

Виза

Үндістан елшілігінде виза рәсімдеуге 5 жұмыс күні қажет. Керекті құжаттар: шетел төлқұжаты мен оның көшірмесі, 3*4 форматтағы фотосурет (2 дана), 2 анкета, әуебилетінің көшірмесі, тұрақтайтын қонақүй бөлмесінің кепілдігі туралы куәлік (ваучер), жұмыс мекемесінде берілетін қызмет және еңбек ақы туралы анықтама. Балалар болған жағдайда баланың туу туралы куәлігі мен ата-анасының нотариалды түрде рәсімделген сенімхаты (рұқсат қағазы).

Қазақстан азаматтары үшін 6 айға жарамды виза бағасы – 6 200 теңге, бір жылға жарамды виза бағасы – 10 100 теңге.

Көлік

Үнді елінің қалалары мен ірі орталықтарын ұшақпен аралауға болады. Бұл уақытты үнемдеп, саяхаттың барынша жайлы болуына жол береді. Сондай-ақ, елді поезд немесе автобуспен аралауға болады. Бұл сіздің ақша-қаражаттарыңызды үнемдейді.


Қала көшелерімен зулайтын көліктердің арасынан сары түсті таксиді аңғару қиынға соқпайды. Такси тоқтатпас бұрын, барар жеріңіздің қашықтығын біліп алыңыз. Үндістанның көлік жүргізушілері есептеуіш құралдарын жиі қолданбайды. Сондықтан да, таксиге отырған кезде, міндетті түрде, көлік жүргізушісімен саудаласыңыз.

Абай болыңыз: такси жүргізушілері өте дөрекі әрі сараң.


Сондай-ақ, қала көшелерінде мото және велокрикша қызметіне жүгінуге болады. Бұл көлік түрі таксиге қарағанда екі есе арзан. Өте ыңғайлы әрі жылдам. Бағасы 20-30 рупий.

Қонақүй

Үндістанда қонақүй құрылысына аса мән береді. Қонақүй биіктігі 9 метрден аспау керек. Теңізден кем дегенде 300 метр ара қашықтықта салынуы тиіс.

Үндістан елінде шетел және жергілікті компаниялардың қонақүйлері орналасқан. Қонақүй қызметкерлері өте сыпайы болғанымен, қызмет көрсету баяу жүргізіледі. Сондықтан да, сабырлық сақтап, барлығына түсіністікпен қараңыз.

Қонақүй бөлмелеріне тапсырысты алдын ала онлайн-тәртібінде беруге болады. Ол үшін қонақүй бөлмелеріне қатысты терминдер мен халықаралық қысқартулардың барын естен шығармаңыз.

Ақша

Әуежай, банк, айырбас орталықтарында валюта сатып алуға не сатуға болады. 1 үнді рупий=3,2 теңге.

Үндістан банктері жұмыс күндері сағат 10-нан 14.00-ге дейін, демалыс күндері 10-нан 12.00-ге дейін жұмыс істейді.

Несиелік карталарды ірі қалалар мен курорттық аймақтарда ғана қолдана аласыз. Ауылдық және таулы аймақтарда шетел валютасын қабылдамайды.

Шопинг

Кез келген сауда орталықтарында асыл тастармен безендірілген күміс пен қоладан жасалған оқа-әшекейлер, үнді шәйі, жібек орамал, атлас маталар, кашмир кілемдер т.с.с дүниелерді табуға болады.


Тауар таңдаған кезде мұқият болыңыз.  Ең бастысы, саудаласуды ұмытпаңыз!

Кедендік талаптар

Үнді жеріне 200 дана темекі, 0,95 литр спирттік ішімдіктер, фото- және видео камера, жалпы сомасы 500 рупийден аспайтын кәдесыйлар апаруға болады.

Антиквариат, алтын бұйымдарын апаруға рұқсат етілмейді.

Үндістан жерінен алтын, былғары, антиквариат бұйымдары және аң терісі мен құс қанаттарын алып шығуға болмайды.

Үндістанда сақталатын ережелер:

Үндістан қол алысып амандаспайды. Үнді халқы қолын жүрегіне қойып сәлемдеседі. Қоғамдық жерлерде қатты сөйлеуге, құшақтасуға болмайды.

Әйел азаматтар шаштарын жайып жүрмеуі тиіс. Денеге жабысып тұратын киім кимегені абзал.

Діни орындарды (ғибадатхана, шіркеу, мешіт т.с.с) фотосуретке рұқсат етілген жағдайда ғана түсіруге болады. Бұл орындарға кірген кезде кез келген жан жынысына қарамастан бас киім кигені жөн.

Кез келген ғимаратқа, үйге, мекемеге кірген кезде аяқ киімді шешу қажет. Кейбір жерлерде арнайы шәркелер қарастырылған.

Суреттер: kudakak.com, goabroad.ru, 1-india.com, swet.main.reclama.ru

12269 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 наурыз 2012, 09:00
Пікірлер
+0
04 наурыз 2012, 13:24

Үндістан өз алдына бір дүние ғой

+0
05 наурыз 2012, 12:44

"Әйел азаматтар шаштарын жайып жүрмеуі тиіс. Денеге жабысып тұратын киім кимегені абзал." Үнді киноларында қыздары шаштарын жайып жүреді емес пе?! Тәж Махалды көргім келеді! намастэ, Индия!

+0
06 наурыз 2012, 09:51

Киноның аты кино ғой. Біздің де әншілер сахнаға шаштарын жайып, мэйк-апты қатырып тұрып жасап шығады емес пе?! Олар да сондай. Ал менталитет бойынша, шаштарын жайса да, олар сарилерінің бір шетімен шаштарын жауып қояды ғой

+0
05 наурыз 2012, 16:41

bolek alem, bizge tusinu kyin

+0
05 наурыз 2012, 16:47

бір таныс индустан әйелдері неге фильмдерде ғана әдемі, ал өмірде онша емес деп сұрағанымда, олардың өмірлері қиын, таңғы 4-5 тұрады, тамақтарын дайындап, балаларын мектепке апарып, жұмысқа баратындарын, кешке үйлеріне қайтып, күйбең тіршілікпен өздеріне қарауға шамалары жетпейтіндігін баяндаған еді..... бірақ бұл бос сылтау сияқты, біздің әйелдер бәрін істеп, әдемі көрінуді де ұмытпайды ғой )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...