Ешкі де ешкімнен кем емес

Ешкі де ешкімнен кем емес

Серфинг тақтайында ойнайтын шеберлік. Өздеріңіз білетіндей, аталған спорт түрімен жануарлардың біразы айналысып келген еді. Соған қарамастан Дан Макгрегордың екі жасар ешкісі Гровер-бич елді-мекенінде жұлдызы жанып, бірталай бұқаралық ақпарат беттерінің басты бетінен түсер емес. Мұндай өнерді ешкіден ешкім күтпесе керек...

2

3

"Мен ойымша, бұл әрі қызықты, әрі ғаламат нәрсе. Әрқашан ол менің қасымда жүреді. Және достарымның бәрі ешкімнің атақты екенін айтып жатады. Білесіз бе, оның миына өзінің жұлдыз екені туралы хабар жеткен жоқ. Өз кезегінде мұнысы жақсылық та шығар", - дейді иесі.

4

5

Дан Макгрегор Гоатиды үй артындағы шөптерді жеп тұруы үшін сатып алып, үй жануары ретінде ұстай бастаған. Ал талант тұрғысына келсек, бір жолы өзімен бірге суға алып шығып, ешкі бойындағы теңдессіз таланттың куәсі болыпты.

5-189

6

сурет:lifeglobe.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига