Абақты ішіндегі қонақүй

Абақты ішіндегі қонақүй

Боливиядағы абақты туралы қызықты ақпарат беріп өткен едік. Ал Нидерландыда «Het Arresthuis» деп аталатын абақтыда 36 нөмірлі «люкс» және 4 VIP-нөмірлі қонақүй бар.

Айтпақшы, осы 4 VIP-нөмірлі бөлмелердің өз аттары да бар. Қандай дейсіз бе? «Директор», «Түрме қызметкері», «Заңгер», «Төреші». Сонымен қатар, мұнда сауна, фитнес-орталық, мейрамхана да жоқ емес. Әр нөмірде екі адамдық кереует, үлкен көлемді теледидар, желдеткіш, душ, тегін Wi-Fi интернет жүйесі, кофемашина және кішігірім бары бар.

Түрменің классикалық түрін сақтау барысында қонақүйдің ішкі көрінісін дизайнерлер қазіргі заманға сай етіп өзгертіп тұрады.

Ендеше, абақты ішіндегі қонақүйдің ішкі көрінісімен танысайық.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: re-actor.net

А. Құлтай