22 ақпан - халықаралық қылмыстан жапа шеккендерді қорғау күні

22 ақпан - халықаралық қылмыстан жапа шеккендерді қорғау күні

1990 жылы 11 ақпанда Англия Үкіметі «Қылмыстан зардап шеккендер» хартиясын жариялады. Сол сәттен бастап бұл күн халықаралық қылмыстан жапа шеккендерді қорғау күні деп аталып өтетін болды. 

Өткен ғасырдың соңынан бастап әлеумет арасында қылмыстан зардап шеккендер саны артуда. 1985 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның жетінші жиынында түрлі жағдайда жасалатын қылмысқа шек қою мақсатында, қылмыстан зардап шегушілер санын азаю мақсатында Декларация жасалды. 1985 жылдың 29 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы декларацияны қабылдап, үкіметке ұсынды. 

Қазір әлемнің бар елдерінде осыған байланысты заң жобалары қабылданды. Төтенше жағдайларда көз жұмған адамдар санының артуына байланысты осы Декларация бойынша жедел жұмыс топтары іс атқаруда. Бүгіндері қылмыстық істерге қарсы әлемде 200 бағдарлама жұмыс жасайды. Ұрлау, тонау, әлімжеттік жасау, атыс-шабыс кезінде қылмыскерлер ісінің әсерінен зардап шеккелі тұрған жәбірленушіні аман алып қалу ісі баса қолға алынды.

Мұндай бағдарламалар адамдарға стрестен шығуға, дағдарыстан құтылуға жол ашады. Сонымен қатар бұл жоба материалдық және моральдық көмек болып табылады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: altaynews.kz

А. Әбілхан