19 ақпан - халықаралық теңіз сүтқоректілерін қорғау күні

19 ақпан - халықаралық теңіз сүтқоректілерін қорғау күні

Бүкіл әлем 19 ақпанда халықаралық теңіз сүтқоректілерін қорғау күнін атап өтеді. Бұл күнді кит күні деп те атайды (Dolphin Day). Әйткенмен, бұл атаулы күн тек киттерге ғана емес, теңіз бен мұхитты мекен ететін барлық сүтқоректілерге ортақ.

Бұл мораторий нәтижесінде бүкіл әлем бойынша кит аулауға, оларды алып-сатып саудаға салуға және кит етін жеуге тыйым салынды. 

19 ақпанға халықаралық теңіз сүтқоректілерін қорғау күнін белгілете отырып, халықаралық кит ісінің комиссиясы суда тіршілік ететін барлық сүтқоректілердің өміріне алаңдаушылықпен қарайтындығын көрсетті. Бүгіндері мұндай хайуанаттардың көп бөлігінің саны азаюда.

Біздің планетамызда жалпы теңіз сүтқоректілерінің 119 түрі ғана өмір сүреді. 

Киттерге зиян келтіру заңмен тоқтатылса да, мұндай істен алшақ кете алмай жүрген жандар жоқ емес. Өкінішке орай, адамдар өз табиғи құндылықтарын өз қолдарымен жоюда. Мұнай өндіру ісінде зиянды қалдықтардың су астына жайылуы арқылы да талай сүтқоректінің саны кему үстінде. 

Бүгіндері теңіз бен мұхит сүтқоректілерін қорғау қоғамды алаңдатқан мәселелердің біріне айналды. Әлемнің кей елдері су астындағы тіршілік иелерін сақтау мақсатында түрлі клубтар ашып, теңіз қорықшылары арқылы сырттай сүтқоректілерді бақылауда ұстайды. Бұл іспен көптеген экологиялық ұйымдар да айналысуда. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: eco-turizm.net

А. Әбілхан