Лондонда балық жерлеу рәсімі өтті

Лондонда балық жерлеу рәсімі өтті

Лондондық океанариумде балықтардың символикалық жерлеуі өтті. 

"Британ балықтарымен" қоштасуға арналған қаралы шараға көптеген су асты әлемінде тіршілік ететін теңіз жануарлары қатысты. Аквариумшылар мәйітті тасушы киімін киіп, суда өмір сүретін тіршілік иелері мен сырттан тамашалап тұрған билік өкілдері және теңіз жануарларының өмірі мен өз өмірін жалғаған мамандар алдында таңданарлық шара өткізді. 

Мамандардың айтуынша, су астында тіршілік ететін ірі-ірі балықтар мен көзі жойылуға шақ қалған акулалар тезірек қорғауға алынуы керек.

Бұл шараның мақсаты - су асты әлеміндегі тіршілік иелеріне билік өкілдерінің назарын аударту. Өйткені үлкен теңіздерде көптеген ірі балықтардың саны азаюда. 

Шара кезінде океанариум қызметкерлері су ішіне табыт жасап, оған балықтардың пластикалық сүйектерін салған. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: rus.ruvr.ru

А. Әбілхан