Ерекше хобби иесі

Ерекше хобби иесі

Коллекция жинау, суға жүзу сияқты хоббилермен ешкімді таңырқата алмайсыз. Дегенмен, маңыздысы біреуді таңырқату емес, алдымен жан қалауыңды тыныштандыру болса керек. Ал лондондық Пол Ярроудың сүйікті ісі жанын тыныштандырып қана қоймай, біраз елді таңдай қақтырды. 

Оның сүйікті ісі - теледидардан көріну. Кез келген камера көрінсе болды, Пол жолындағыларды баса-көктеп камера алдына тұрмайынша, жан таппайды екен. Оны ешкім шақырмаса да, Пол журналистер сөйлеп жатқанда камераға түсіп қалғанды ұнататын көрінеді. BBC, ITV, Channel 4, Sky News арналарынан бой көрсетіп, "елге танылып" үлгерген Полдың түр-әлпеті бүгінде көп адамға таңсық емес. Әртүрлі жерде әртүрлі уақытта пайда болатын Ярроудың түсірілім қай жерде жүретінін қалай біліп қоятынын ешкім де анықтап айта алмады. Ол өзінің "тозбайтын" жейдесімен жүзден аса жаңалықтан көрініпті. Кейбіреулер Полдың бұл әрекетінің астында қулық жатыр деп сынайтын көрінеді. Дегенмен камера сүюші азамат бұл өзінің сүйікті ісі екенін айтады. 

Полдың әрекетін қайталағыңыз келер ме еді?

Сурет: buenosaires-rus.livejournal.com, londrasegreta.com

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова