Әдемі әткеншек шақырады

Әдемі әткеншек шақырады

Стокгольмның ойын-сауық паркіне бұрын-соңды болып көрмеген ғаламат аттракцион соғылмақшы.

Осы жылдың сәуір айының басында «Eclipse» («Тұтылу») деген атпен үлкен әткеншек іске қосылатын болады. Бұл аталған жобаның бір бөлігі ғана. Және жоба авторлары мұндай аттракционға жүрегінің түгі бар, тек қана мықты адамдар отыруы тиіс деп қазірден бастап айтып жүр. Себебі, өз сөздеріне қарағанда, мейірімділік дейтінді білмейтін жандар соғып жатқан сыңайлы.

Алып әткеншектің жылдамдығы 19 м/с-ке жеткелі тұр екен. Бүкіл уақыты - 2 минут. Әрине, өз кезегінде қатысушылар жүйкелерінің мықтылығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар қала көркін тамашалауға мүмкіндік алатын көрінеді. 

Мұндай тәуекелге бармас едім. Ал сіз ше?

сурет:whitza.blox.pl

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига