Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ерлік жасаған ит туралы сөз

Ерлік жасаған ит туралы сөз

Ерлік жасаған ит туралы сөз

Бұл жағдай 1925 жылы АҚШ-тың Аляска штатында болған. Аляскалық маламут тұқымының Балто деп аталған иті бір ауылдың балаларын ауыр дерттен құтқарған.

1925 жылы Ном қонысында дифтерия балалар дерті өршіп, жайлайды. Жергілікті халыққа дәрі-дәрмек жеткізу керек болады. Телеграф арқылы мыңдаған шақырым шалғайдағы Анкоридж қаласында дертке қарсы вакцина бары белгілі болған соң, халық ішінен ең төзімді деген ержүрек адамдар талданып шығады екен.

 

Күннің қытымыр аязда соққан дауылы бұларға алынбас қамалдай көрінген. Қолайсыз ауа-райы ұшақтарды адастырып әкететін болғандықтан, жарамсыз күйінде қалады. Дәрі-дәрмекті ортада мұзды шөл алып жатқан Ненана қаласына дейін ғана жеткізуге мүмкіндік туады. Себебі Номға дейін темір жол салынбаған. 

 

Ном тұрғындары иттерді жегіп, ең мықты деген шанамен жетуді ойластыра бастағанда-ақ «мен!» деген шана айдаушылары бұл істен бас тартады. Мұзды шөл мен қытымыр аязға төтеп бере алмағандар да орта жолдан қайтып кетіп отырады. Сонда Ненана қаласына Гунар Кассен (Gunnar Kassen) есімді адам бірінші болып келеді екен. Оның жеккен иттерінің арасында біз айтып отырған Балто иті бар болған. Дәрі-дәрмекті қолға тигізіп, қайтар жолда Гунар қиын жағдайға ұшырасады. Үдеп соққан дауылдан оның аяқ-қолы сал боп, шана басқаруға жарамсыз қалады.

Балалардың тағдырына жарық сәуле түсіру үміті үзіле бастаған кезде Балто адам басқаруынсыз-ақ дұрыс жолды өзі тауып Номға жетеді. Ауыр әрі ұзақ жолдан талып түскен иттің қыңсылауға да шамасы келмеген екен. Бірақ балалардың өмірі осылай Балтоның ерлік ісінің арқасында аман қалыпты.

Ном қаласы (1899, 22 қыркүйек)

Соңғы бірнеше онжылдықтан бері Нью-Йорк қаласының Орталық саябағында Балтоның қолдан жасалған мүсіні тұр. 1920 жылдан бері бұл ескерткіш Америка елінің мақтанышы саналып келеді.

 

Ал 1995, 2002, 2004 жылдары атақты режисер Стивен Спилберг аңызға айналған ит туралы мультфильмдер түсірді. Балто 1919-1933 жылдары өмір сүріп, ерлік жасаған ит ретінде тарихта қалды. Әлемге атағы шыққан ит соңғы 4 жылында Огайо штатындағы Кливленд хайуанаттар бағында болыпты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wikipedia.org

9714 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 11:14
Пікірлер
+0
13 ақпан 2013, 12:00

ит екен иттің ерлігі көп адамның маңдайына жазылмаған ғой

+0
13 ақпан 2013, 12:25

Нағыз қазақы төбеттің де мүсіні бізідң орталық саябақтардың бірінде тұру керек. Соңғы кезде ғана қолға алып, дәріптеліп жүрген бұл қазақы төбеттердің ерлігі жайлы аңыз сан ғасырлық тарихқа ие. бұл да біздің ұлттық мақтанышымыз.

+0
13 ақпан 2013, 16:34

Керемет ит қой. Қандай ерлік!

+0
13 ақпан 2013, 19:29

Енді ит деп балағаттамаңдар)! ;)

+0
13 ақпан 2013, 21:17

Мультфильмін Стивен Спилберг керемет етіп түсірген. Расында, мен оны жақында ғана көре алдым. Сөйтсек, ол 2002 жылғы дүние екен. Қазіргі мульттерден де жақсыдей алар едім.

+0
18 ақпан 2013, 00:06

Мультфильмди коргем оте керемет)))

+0
25 ақпан 2013, 14:53

Достар, Хатико деген күшік жайлы фильмді көргенсіздер ме :?: өте қызықты фильм өмрде болған оқиға (Жапонияда) мен бұл киноны көріп жылағанмын :( өте аянышты көріңіздер, өкінбейсіздер :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...