Бразилиядағы өрмекші жауыны

Бразилиядағы өрмекші жауыны

Бразилияның Санто-Антонио-де-Платина қаласында бұрын-соңды болмаған жауын болып өтті. Көпшілікті қайран қалдырған әлгі жауын қорқынышты кинолардағы көріністерден кем түспеген.

Аспаннан жүздеген, мыңдаған өрмекшілер жауып қоя берген. Сол сәтте бір тұрғын ұялы телефонға түсіріп үлгеріпті. Бейнебаянға қарап отырсаңыз, өрмекшілер үйлерді арнайы қоршап жатқандай әсер қалдырады.

Ең қызығы сол, өрмекші жауып тұрған тұста көпшілік әбігер болып, әлекке салынып жүрсе, бейнебаянға түсіріп тұрған әлгі жігітіміз "өрмекшілердің жауыны болып жатыр!" деп аспай-саспай, айтып тұра беріпті.

Естеріңізге сала отырсақ, Гондураста жылына екі мәрте "балық жауыны" дейтін күндер өтіп тұрады. Оған басты себеп, Кәріб теңізінен бастау алатын долы жел мұхиттағы бүкіл балық атаулыны көтеріп алып, жолында кездескен елді-мекендерге тастап кететін болып шыққан.


сурет:gismeteo.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига