Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Қарбыз дәмді қар

Қарбыз дәмді қар

Қар дегенде көз алдыңызға ақ түстің келетіні, ақ түс дегенде қарды елестететініңіз айдан анық. Ал алқызыл қарды көргенде қайтер екенсіз? 

Әй, қайдам, ондай қарды көре алмайсыз-ау! Өйткені, бұл табиғи құбылысты арктикалық және альпілік аумақтардан ғана ұшырастыруға болады. Нақтырақ айтсақ, Солтүстік Оралда, Арктикада, Франц-Иосиф жерінде және Калифорнияда анық байқалады. Сондай-ақ, америкалық Сьерра-Невада ұлттық саябағында қыстыгүні қар бетінен ашық қызыл түсті дақтарды көре аласыз. Көзімен көріп, қолымен ұстағандар қардың дәмі қарбыздың дәміне қатты ұқсайтындығын жиі айтады.

Қызыл, алқызыл түстердің қалай пайда болғандығын түсінбей, аңтарылып отырған боларсыз. Бәріне де "кінәлі" - хламидомонада атты балдыр. Балдырлардың қан-қызыл түсі ақ көрпеге басқаша түс беріп, ерекше күйге бөлейді. Балдырдың да, түстің де, қардың да еш зияны жоқ. Ғалымдар қардың жеуге жарамды екендігін айтып отыр. Бірақ, балдырларда қаншама бактериялар мен улы заттардың жатқандығын кім білсін?

Хламидомонада балдыры өте төмен температураға бейімделген. Сондықтан, мұндай ерекше қарды қыстың беті қайтып, күн жыли бастағанда ғана көруге болады. 

Зерттеушілер, альпинистер мен шаңғышылар қарбызды қарды ХІХ ғасырдың аяғында ғана байқаған болатын. Ал қар туралы ең алғашқы деректер грек философы Аристотельдің қолжазбаларында кездеседі.

Суреттер:eco-mir.livejournal.com,kulturologia.ru,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5274 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 ақпан 2013, 11:21
Пікірлер
+0
11 ақпан 2013, 10:53

Қызық деп осыны айт ) Қарбыз жалғыз емес екен )

+0
11 ақпан 2013, 10:58

Құлпынай қосылған балмұқздаққа ұқсайма қалай өзі?! керемет деп осыны айт)

+0
11 ақпан 2013, 14:42

Иә, иә :)

+0
11 ақпан 2013, 15:18

Ашылғанына көп болмаған табиғи жаңалықтардың бәрі Аристотельдің жазбьасында кездесе береді екен тегі!

+0
11 ақпан 2013, 18:44

Балмұздақ сатамын - тегін :lol:

+0
11 ақпан 2013, 21:52

Күшті дәмін татса ғой иа)))

+0
12 ақпан 2013, 01:51

қызық...

+0
12 ақпан 2013, 05:03

қой кеттім Арктикаға шелегімді арқалап қасықпен қарбыз (дейн десем болмайт жаз емес) оданда балмұздақ жеп қайтайын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...