Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің «біртүрлі» адамы

Әлемнің «біртүрлі» адамы

Әлемнің «біртүрлі» адамы

Сёйти Ёкои (横井 庄一 Yokoi Shōichi) атты жапондық 1915 жылы 31 наурызда Саориде туған. Ол тарихтағы әлемнің ең «біртүрлі» адамы екен. Сёйти Ёкои туралы бұған дейін біз мына жерде жазып өткен болатынбыз. Оның бұлай аталуының себебі мынау...

Ол 1941 жылы жапон императорлық әскеріне шақыртылады да, 1943 жылы Гуам аралына жіберіледі. Американдық әскерлер бұл аралды жаулап алған кезде Сёйти мен оның бірнеше замандасы жау қолына түспеу үшін қашып кетеді.

Оның жетеуі кейін 2 жыл өткен соң туған елдеріне қайтады. Ал Сёйти екі досымен бірге сол аралдың әр бөлігіне тығылып өмір сүруді жалғастырады. Ылғи қарым-қатынас жасап тұратын достары қайтыс болғанда ол жалғыздықта қалады.

Осылай 28 жыл бойы жер астында тығылып өмір сүрген! Ширек ғасыр бойы сыртқа шықпауының ең бірінші себебі – қорқыныш болған деседі. Ал оның негізгі қорегі майда аң-құстар болған да, киімді жапырақтан жасауға тура келген.

Күндердің күнінде жер асты өмірімен қоштастырған жағдай болады. 1972 жылы 24 қаңтарда оны байқап қалған балықшылар биліктен қашып жүрген қылмыскер екен деп ұстап алады.

Үйіне қайта оралған ол туған жерге тірідей қайтуы намысына тиетінін айтқан. Бұлай болғанша өлуді құп көрген ол Жапониядағы газеттердің «басты жұлдызына» айналады. Қоғамды дүрліктірген батыр адам туралы кейін, 1977 жылы деректі фильм түсіріліпті. Фильмнің аты – «Yokoi және оның 28 жылы» деп аталыпты. 1991 жылы Сёйти Ёкои жапон императоры Акихитоның қабылдауында болады. Өзінің айтуынша, бұл оқиға оның өміріндегі ұлы құбылыс болыпты. Жау қолына берілуді өзіне ар санаған адамды ел дүрлігіп ұлт батыры деп қабылдайды.

Ал көп жылдар өткен соң ғана ол өзінің жалғыз өмір сүруінің құпиясын ашып салды. Ол былай деген: «Менің балалық шағым өте қиын жағдайда өтті. Ал туысқандарым мені ұнатпайтын. Мен джунглиде қалып қойғанымның себебі оларға деген қырсықтығым».

1997 жылы 22 қыркүйекте 82 жастағы Сёйти Ёкои жүрек талмасынан қайтыс болады. Оның басына шешесі 1955 жылы тапсырыс беріп қойған тасы қойылады.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: stosekretov.ru

394 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 09 ақпан 2013, 19:00
Пікірлер
+0
09 ақпан 2013, 14:40

бул посты жазган журналистін тілінін салактыгы танкалдырды мені. "Ал оның негізгі қорегі майда аң-құстар болған да, киімді жапырақтан жасауға мәжбүр болған.Күндердің күнінде жер асты өмірімен қоштастырған жағдай болады". деген сойлемдерде "болды" мен "болган" созі каншама рет кайталанды? Бул журналистін сойлем курай алмайтынын корсетпей ме?

+0
09 ақпан 2013, 16:40

Орынды айтыпсың, мен осы "боладыдан" құтыла алмай-ақ қойдым.

+0
09 ақпан 2013, 18:44

мда)

+0
10 ақпан 2013, 01:07

пл керек болса :o

+0
10 ақпан 2013, 01:07

ал керек болса :o

+0
11 ақпан 2013, 02:49

Робинзон Крузо, тож 28 жыл,

+0
12 ақпан 2013, 01:30

естімеген елде көп.... Ардақтың массгетке қосқан үлесі ұшан теңіз. оқырманын жалықтырмайды. талантты жігіт. қып-қысқа мақаладан оның тілін бағалағанымыз жарамас.

+0
12 ақпан 2013, 23:05

естимеген елде коп дегенди :? :? :?

+0
19 ақпан 2013, 11:49

иә қызықты мақала екен) үйіне қайтпауының себебі оданда қызық екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...