Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Адам ба, әлде...

Адам ба, әлде...

Шіркін-ай, жаратылыстың қабат-қабат жұмбағын шешуге кімнің құдіреті жетер екен? Жо-жоқ, айтып отырғаным, әдетте әңгімемізге арқау болатын табиғат құпиясы емес, екі аяқ, жұмыр бас пенделердің бойындағы түсініксіз құбылыстар еді... Иә, солай. Жер бетінде біздің ұғымымыздағы "адамнан" тым өзгеше пенделер бар. Жаратылысы бөлек болып келетін әлемнің ең ерекше адамдары туралы мәліметтерді оқи отырып, "олар адам ба, әлде?.." деген ойға қаларыңызға сенімдіміз.

Алпыс үш жасты алқымдаған Тай Нгок 35 жылдан бері ұйқымен ұрсысып жүр. Жаратылысы ерекше азамат 1973 жылы тұмаумен ауырып, содан бері ұйықтай алмай қалған екен. Өзінің айтуынша, 11 700 ұйқысыз түнді өткерген көрінеді. Десе де, бұл жағдай оның денсаулығына кері әсерін бермеген. Толықтай тексеріс нәтижесінде, оның бүйрегінде аздаған ақау ғана бар екендігі анықталды.

 

Мына сұмдықты қараңыз!

Санджу Бхагат есімді ер азамат бір қарағанда босанғалы жүрген адамға ұқсайды. Оның осыншалықты дәу іші қимылдауға, тыныстауға кедергі болған. 1999 жылы дәрігерлер оған ота жасап, ішінде егіз бауырының бар екендігін анықтаған.

 

Сёйти Ёкои Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары (1944 ж) майданда жүріп, мүлде хабар-ошарсыз кеткен. 1972 жылы оның 28 жыл бойы жер асты үңгірінде, өркениеттен тыс, қоғамдық қатынастан ада күйінде тіршілік еткендігі анықталады. Ол елге оралуын өтінгендерге: "Өзімнің соғыстан тірі қайтқандығымды мойындай алмаймын" деген екен.

 

Ирандық Мехран Карими Нассэри 20 жыл уақыттан бері Париждегі Шарль де Голль әуежайының күту залындағы терминалдың жанында өмір сүріп келеді. Ол кезінде Ирандағы түрмелердің бірнешеуінде отырып шыққан, кейіннен елден біржола аластатылады. Үй-жайы жоқ Мехран көкеміз француздықтар баспана сыйлап қалар деген үмітін үзген емес.

 

Лал Бихари 1976-1994 жылдар аралығында өлген адамдар тізімінде болған. Және ол өзінің өлі екенін ұзақ жылдар бойы білмеген екен. Түсініксіз жағдайға себеп болған - Лалдың туған ағасы. Ол мұрагерлікке ие болу үшін інісінің өлімін жариялауға міндетті болған екен. Мәселенің мән-жайы белгілі болған соң, Лал өзінің тірі екендігін мемлекетке мойындата алмай әлекке түсті. 18 жыл бойы күрескен "тірі адам" өзі сияқтылардың мыңдағаны бар екенін көріп аң-таң болады да, "өлілер ассоциациясын" құрады. 

 

Мишель Лотитон велосипед, мотоцикл, теледидар жасалатын металл, әйнек, резеңке және т.б. қатты заттардың барлығын жұтып қоя алады. Тіпті, бір күні білдей ұшақты да жұтып қойған деседі. Лотито металдарды бөлшектеп, ұсақтап аузына салады да, сумен жұтып жібереді. Оған мұндай "өнер" 16 жасында қонған екен.


Жалғасы бар...

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3706 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 18:39
Пікірлер
+0
08 ақпан 2013, 18:31

:shock: Лал Бихариииии

+0
08 ақпан 2013, 18:53

қызық ә

+0
09 ақпан 2013, 00:49

Тіпті, бір күні білдей ұшақты да жұтып қойған деседі. :lol: отирикти калай сыкпытады ааа :roll:

+0
09 ақпан 2013, 08:48

Таң қалмай көр деші

+0
09 ақпан 2013, 12:41

:o

+0
09 ақпан 2013, 14:49

Оте кызыкты макала екен! Бірак, "Санджу Бхагат есімді ер азамат бір қарағанда босанғалы жүрген адамға ұқсайды". деген сойлемді калай тусінеміз? Кайдан босанбакшы? Турмеден бе?) Дурыс, аягы ауыр айелге уксайды, жукті айел деп ойлайсыз деп сілтеу керек.

+0
12 ақпан 2013, 23:00

ма саган адам коркады екен мыналардан :? :? :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...