Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең кішкентай қала

Әлемдегі ең кішкентай қала

Әлемдегі ең кішкентай қала

Дюрбуи - Арден аймағындағы Ourthe өзенінің жағалауында орналасқан бельгиялық қала. Қаланың негізгі ерекшелігі - әлемдегі ең кішкентай қала екендігінде жатыр. Дюрбуиде бар болғаны 500-ге жуық адам тұрады. Соған қарамастан, қалада қырықтан аса қонақ үй бар.

Таңқалысыңызды түсініп отырмын. Осыншалықты қонақ үйдің бой көтеруіне себеп болған - қаланы алыстан арбалап іздеп келетін туристер болып отыр. Бельгияның негізгі туристік қаласына айналған Дюрбуи өте сұлу әрі тыныш.

Жалпы "кішкентай қала" туралы ең алғашқы деректер ХІ ғасырға жатады. Бұл жердегі ең алғашқы сарай 889 жылы тұрғызылса, 1331 жылы қала мәртебесіне ие болған.

Қалада атақты Урсель отбасының салтанатты сарайы бар. Бірақ Дюрбуиге қыдырып келген қонақтарға сарайға кіруге рұқсат берілмеген. 

Қаланың атағын шығарған тағы да бір көрікті мекен - самшиттер (мәңгі жасыл тұратын қатты ағаш) бағы. Баққа әртүрлі шөп мүсіндер қойылған. Топиари (Parc des Topiaires) деп аталатын саябақты 20 жыл бұрын Альбер Наве есімді азамат тұрғызған екен.


Онда самшиттен жасалған 250 мүсін бар.

Қарапайымдылық пен мамыражайлық иісі аңқыған Дюрбуи қаласына саяхат жасап қайтсаңыз, өкінбейсіз. Әлемнің ең үлкендерін ғана емес, ең кішілерін де көрген ешқашан артықтық етпейді.

Суреттер:subscribe.ru,sweet-live.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8454 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 18:12
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 20:10

Уау :shock: )))) Өте әдемі қала екен

+0
07 ақпан 2013, 01:04

Әдемі екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...