Қытай қалталыларына тазалау жүргізе бастады

Қытай қалталыларына тазалау жүргізе бастады

Америка ақпараты Қытай еліндегі миллиардерлер туралы мәлімет жариялады. Соңғы алты жыл ішінде Қытай еліндегі миллиардерлер саны 15 адамнан 250 адамға жеткен. Небәрі алты-ақ жыл ішінде сонша биікке шырқаған бұл мәлімет әр елдің экономика мамандарын таң қалдырған. Ал жуықта ғана президент сайлауы өткен елдің жаңа көшбасшысы өз ісін сыбайлас жемқорлықпен күресуден бастады. Бұл елдегі миллионерлер үшін үлкен алаңдаушылық туғызды. АҚШ ақпараты «Қытай миллиардерлерінің 17 пайызы қамауға алынды және қатаң тексеруді қабылдауда» деп жазды. Бұл тазалау олардың заңды мал-мүлкінің келу қайнарына бағытталған. Онсыз да заң жүйесі қатал елдің соңғы тебіні біраз миллионерлерді темір тордың ар жағына айдап салды. Кейбірінің мал-мүлкі үкімет есебіне қайтарып алынды.

Соңғы кезде Қытай еліндегі байлық көзіне айналған қоражай саудасы, асыл тас, алтын-күміс секілді қымбат бағалы бұйымдар саудасы біраз миллиардерлердің жарыққа шығуына себепкер болған еді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: icenci.com

Қ. Қауымбек