Англия азаматы сүйікті итіне «сарай» салып берді

Англия азаматы сүйікті итіне «сарай» салып берді

Англияның Дерби қаласының тұрғыны өзінің сүйікті итіне арнап, өз үйінің үлгісіне ұқсатып әдемі «сарай» салып берген. Екінші сөзбен бұны «Салтанатты үйшік» деуге де болады.

Оның итіне арнап салған «сарайдың» биіктігі 1.9 метр. Үйшік алдына иттің жеке ауласы және арнаулы үй, жол шырақтары, ауа алмасатын әдемі терезелері де орналастырылған.

Иесінің айтуынша, ол бұл үйді салуға, безендіруге жалпы 1850 фунт стерлинг (2905 АҚШ доллары) ақша жұмсаған. Бұл әдемі сарайды сүйікті иті жақсы көріп қана қалмастан, ол Англиядағы «ең әдемі ит ұясы» сыйлығына ие болып, 1000 фунт стерлинг ұтып алған.

Бұл ит ұясы оны сол қаладағы «әйгілі» адамға айналдырған. Сонымен, итіне «сарай» салғызғысы келетіндердің көбі оны іздеп келетін болған. Ол «Арнайы ит ұясын жасау – менің табыс көзіме айналды. Ол үшін әр иттің мінезін, ұнататын ойындарын біліп алып, сосын барып іске кірісемін» дейді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:thatslikewhoa.com 

Қ. Қауымбек