Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ақылға қонымсыз алқызыл бұлт

Ақылға қонымсыз алқызыл бұлт

Ақылға қонымсыз алқызыл бұлт

Жұртшылық қауым бірден түсіне қоюы қиын құбылыстарды айтқысы келгенде таңғажайып, ғаламат, ауызбен айтып жеткізгісіз, жұмбақ, әдеттен тыс, ақылған қонымсыз, саған өтірік маған шын, таң-тамаша деген сөздерді қолданып жатады. Иә, табиғатта бұрын болып көрмеген немесе өзіңіз танып-білмеген жайттарды білдіру қажет болғанда мұндай сөздің алуан түрінің табылатындығы хақ. Бүгінгі табиғат кереметіне жоғарыдағы сөздің қайсыбірін айтсаңыз да, әбден жарасады.

Бүгінде әлемдегі туристердің барлығы қытайлық Гансу ауданындағы ерекше табиғат көрінісін тамашалау үшін үздіксіз ағылып келіп жатыр. Өйткені, мұндағы геологиялық түзілістің нәтижесінде пайда болған Қытайдың ең көрікті жері - "Дэнксия ландшафты" өміріңізде бір рет болсын көруге тиіс мекендеріңіздің бірегейі екендігіне кепілдік береміз. "Дэнксия" "алқызыл бұлт" деген мағынаны білдіреді.

Тарих беттерінде бір кездері алтын әріптермен жазылған дүниелердің ұмыт қалып жататындығы бар. Мұндай келеңсіз жағдай қытайлық Чжанье қаласының да басынан өтті. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын әлемнің ең дамыған әрі ең гүлденген қалаларының қатарында болған Чжанье Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Тіпті, сауда-саттық орталығы болды десек те қателеспейміз.

Ал Ұлы Жібек Жолы құлдырап, тарих сахнасынан жоғала бастағанда қаланың да дәурені бітті.  Мемлекет те адам сияқты: туады, өседі, дамиды, әлсірейді, ақыры өледі. Чжаньенің өлім құшағына терең батып кеткендігі соншалықты, оның ең басты құндылығы саналған "түрлі-түсті таулардың" өзі ұмыт қалды.

Қаншама жылдар бойы көзден де, көңілден де жырақ болып келген Дэнксия белгілі қытайлық режиссер түсірген фильмнен кейін елді елең еткізді де, туристерді өзіне қайтадан баурап алды.

Жалпы, "Алқызыл бұлттың" түзілісі жиналған құмдақтар мен басқа да минералдардың нәтижесінде осыдан миллиондаған жылдар бұрын басталған. Ауа мен судың әсерінен бұл шөгінділер тотықтанып, осындай таң-тамаша дүние пайда болды.

Ал Дэнкия аумағы өзінің алуан түрлі түсі үшін қызыл түсті құмдақтар мен әртекті шөгінділерге және топырақ эрозиясына рақмет айтуы керек. Таңғажайып өңір бір қарағанда теңіз толқындарына қатты ұқсайды.

Зерттеуші-ғалымдардың айтуынша, Дэнксия ландшафты мезозой эрасында түзілген. Оның қойнауынан сол дәуірден хабар беретін тасқа айналған динозаврлар, өсімдік қалдықтары табылған.

Нысан 2010 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына қосылды. Аумақта өте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған. "Алқызыл бұлт" туристер үшін әрқашан ашық болғандықтан, естен кетпес серуен жасауға ешқандай кедергі жоқ.

Суреттер:eco-mir.livejournal.com,kulturologia.ru,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3628 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 қаңтар 2013, 13:54
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2013, 14:12

Ғажап! Түркияда суда жата бергенше осындай жерлерді аралаған жақсы ғой :)

+0
31 қаңтар 2013, 15:02

:lol: :lol:

+0
31 қаңтар 2013, 14:35

Осы жерге барғым келеді

+0
31 қаңтар 2013, 15:02

бірге барайық :D

+0
31 қаңтар 2013, 15:07

көруге тұрарлық жер!

+0
31 қаңтар 2013, 15:17

Өте әдемі :o

+0
31 қаңтар 2013, 20:13

қандай тамаша!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...