Ник Валленда жаңа трюгімен көпшілікті таң қалдырды

Ник Валленда жаңа трюгімен көпшілікті таң қалдырды

Американдық арқан үстімен жүруші, жүгіруші Ник Валленда тағы да көпшілікті таң қалдырды. Бұл жолы ол Флорида штатындағы Сарасота қаласында автомагистраль үстіне 61 метр биіктікте орнатылған арқан арқылы ешқандай қауіпсіздік белбеуін тақпастан жүріп өтті.

Никке ұзындығы биік ғимарат пен құрылыс краны арасына керілген 152 метрлік арқан жолды бағындыруға 15 минут уақыт кеткен. Оның айтуынша, жолда тек қатты жел біраз қиындық тудырған көрінеді. 

34 жасар Ник Валленданың осыған дейін Гиннестің рекордтар Кітабына 6 бірдей рекорды еніп үлгерген. Ал өткен жылы ол атақты Ниагара сарқырамасын бағындырған еді. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: runyweb.com 

Б. Қосмағамбет