Электр қуатын шығаратын әткеншек

Электр қуатын шығаратын әткеншек

Нью-Йорктегі "Құлама әткеншек" есіңізде шығар? Біз ол туралы мына жерде әңгімелеп бергенбіз. Португалияда өтіп жатқан халықаралық өнер көрмесінде тағы бір электр қуатын шығаратын әткеншек жұрт көзайымына айналды. Балалар әткеншек тепкенде, құрылғы астындағы және жан-жағындағы шырақтар жанады екен. Ағаштан жасалған бұл құрылғы тақтайлар үстіне орналастырылған, әткеншектің шынжыры ток шығаратын маторға жалғанған. Жасаушы өнертапқыштардың айтуынша, адамдар әткеншек тебумен бірге айналасын жарықтандырып, өз қажеттерін өтей алады екен. Бұл жоба көптеген балабақша иелері мен өзге қала өкілдерінің қызығушылығын оятқан.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan