Ұлын тістеп өлтірген әке

Ұлын тістеп өлтірген әке

Жапонияның Оказаки қаласының тұрғыны 23 жастағы ұлын «Жылан жыны жабысқан» деп күмәнданып, бұл жынды қуып шығу үшін ұлын тістеп өлтірген.

Кацуми Нагая есімді 53 жастағы бұл азамат қазір қамақта отыр. Тексеру барысында ұлының бас және дене бөлігінен көптеген тіс іздері айқын аңғарылады. Қылмыскер әкенің айтуынша ол өз ұлынына «жылан жыны» жабысқан деп сенеді екен. Ұлының денесінен осы жынды қуып шығу үшін соқыр сенімнің жетегіне еріп осылай істеген. Ақыры іс насырға шауып, ұлына емдеу өнім бермей қаза тапқан. Бұл қылмысқа сот ашылатын күн әлі бекітілмеген. Тексеру барысында қылмыскерде ешқандай рухани ауытқулық жоқ екені дәлелденіп отыр.

Кацуми Нагаяның әйелінің айтуынша бұдан бұрын ұлының қимыл-қозғалысында өзгерістер пайда бола бастаған. Мінезі де аяқ астынан қалыпсыз күйге түскен дейді. Тіпті ол осыдан біраз бұрын ата-анасына денесінде бір жылан жүргендей әсерде болғанын бірнеше рет айтқан. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек