Әлемдегі ең ұсқынсыз ғимараттар

Әлемдегі ең ұсқынсыз ғимараттар

2012 жылға қорытынды жасау әлі күнге дейін жалғасуда. Біртүрлі ғимараттардың бір парасын мына жерде айтып өткен едік. Әлем халықтарының VirtualTourist.com сайтында дауыс беру нәтижесі бойынша "Әлемнің ең ұсқынсыз ғимараттары" анықталды. Оқыңыз да, бағасын өзіңіз беріңіз.

1. Рейтингтің көшбасшысы атанған Бостондағы Қалалық кеңес ғимаратын (америкалық Массачусетс штаты) тұрғызу үшін ядроға қарсы бункерді еске салатын сұр бетон пайдаланылған екен.


2. Екінші орында қоршаған ортаның пейзажымен мүлде үйлеспейтін Париждегі Монпарнас атты мұнара тұр. Мұнараның өзіндік қайталанбас артықшылығы: оның көру алаңы - бүкіл қаланың көрінісін айқын тамашалауға болатын Париждегі жалғыз орын.

3. Үшінші орынды Финляндияның Туури қаласында орналасқан "Алтын таға" иемденді. Алтын түске боялған таға финдік сауда үйінің алдына қойылған. Қалаға келген қонақтар оның қасынан өткенде мұрындарын тыржитпай кетпейтін көрінеді. Бір жаманның бір жақсысы болады: жергілікті тұрғындар ол осы жерге аяқ басқан адамдарға сәттілік әкеледі дегенді жиі айтады.

4. Бір жағынан ұшатын тәрелкеге ұқсайтын, екінші жағынан мартини құйылған стақанға келетін, ол аз десеңіз, жоғарғы жағына шұбырған толқынжима ілінген ғимарат төртінші орыннан көрінді. Бұл - Ливерпульдің орталық шіркеуі екен.


5. Бесінші орынды ең сұлу қалаға балап жүрген Нью-Йорктың автовокзалы қанжығасына байлапты. Әйнектер мен шыбықтардан жабдықталған ғимарат бір қарағанда бітпей қалған немесе қараусыз қалған жерді еске салады.


6. Алтыншы орыннан көрінген Мадридтегі Колумба мұнаралар кешені тұз және бұрыш сауытымен салыстырылады. Ал қала тұрғындары оны "шанышқы" деп атайды екен. Егер ғимараттың төбесінен қарайтын болсаңыз, екі мұнараны қосып тұрған электр шанышқысына ұқсас құрылысты көре аласыз.

7. Лихтенштейндегі бейнелеу өнері мұражайы - ұсқынсыз ғимараттардың тізімінде сегізінші орында жазулы тұр. Келісесіз бе?


8. Сәулетшілер әлемдегі ең үздік кеңсе ғимараты деп бағалаған мына бір үй бұл тізімге қалайша түсіп қалды екен? Эдинбургтегі Шотландия парламент үйін тұрғызу үшін тас, емен және бамбук пайдаланылған.


9. Кітапхананың сұлу болуы шарт емес. Бастысы, ондағы  кітаптардың бай және құнды болғаны керек. Бәлкім, сәулетші Джон Мадин Бирмингем кітапханасының жобасын дайындар кезде осы қасиеттерге назар аударған болар. Десе де, сайтта дауыс беруші адамдар ғимарат туралы: "Бұл мекемеде кітап сақталмай, керісінше өртелетін шығар..." деген әңгімелер айтқан деседі.


10. Ең соңғы орындағы Ұлы Петрге арналған мәскеулік ескерткіш император құрметіне орнатылған дүниелердің ішіндегі ең үлкені болып саналады. 1997 жылы бой көтерген ескерткіштің авторы - мүсінші Зураб Церетели. Өкініштісі, мүсіншінің еңбегі еш қалып отыр.

Артта қалған 2012 жыл осындай қорытынды шығарыпты. Ал сіз не дейсіз?

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева