Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / 40 жылдан соң орындалған уәде

40 жылдан соң орындалған уәде

40 жылдан соң орындалған уәде

Уәде – ең қымбатты сөз. Берілген уәде ұмытылып кететін сәттер көп. Десе де, бір ауыз сөз үшін бар ғұмырын арнайтын адамдар да жоқ емес.
Пуэрто-Рико қаласында көркемөнер мамандығынан сабақ беретін Санчес Ривера есімді азамат осыдан 40 жыл бұрын алғашқы махаббатына берген уәдесін өткен жылы ғана орындап болған. Ең бастысы уәденің жеткен табысы емес, 40 жыл бойы мұқалмаған қажыр-қайраттың жемісі.

Биыл 58 жасқа толған Ривера 18 жасында ғашық болған алғашқы махаббатына ғарыш кемесі секілді UFO үлгісіндегі үй салып беретіндігін айтқан. Қалтасында көк тиыны жоқ бозбаланың бұл романтикаға толы қиялын күлкі көрді ме, әйтеуір ол қалталы бір жігітке ілесіп кете барған секілді.

Махаббаттан тауы шағылып, үмітін үзгенімен, «ауыздан шыққан сөз атылған оқ». Ол ешқашан уәдесін ұмытпаған. Ұзақ жыл бойына ақша жинай жүріп, 2002 жылы ғана таулы аймақтан шағын жер сатып алып, қыз көңілінде баяғыда ұмыт болған уәдесін орындауға кіріскен. Ертегідей сәулетті сарайды 10 жыл уақыт жұмсап, зорға бітірген.

Үй салынып, бүкіл әлем ақпараты жарыса жариялай бастағанда, баяғы сұлу бойжеткен, қазіргі кейуана өз өкінішін жасырмаған тәрізді. Тілшілердің «Ол әйелге берген уәдеңізді орындадыңыз, енді осы үйде онымен бірге тұрмыс кешіргіңіз келе ме?» деп сұраған сұрағына, қайсар азамат «Ең бастысы уәде орындалды. Уақыт алға жылжыды, үй де салынды, бірақ, уақыт ешқашан артына бұрылмақ емес, сондықтан ол махаббат та қалпына келмес» деп жауап берген.

Санчес Ривераның ұзақ жылдық арманындай болған, қажыр-қайратының жемісі, табанды уәдесінің айғағы болған сәулетті сарайды тамашалай отырыңыз. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: realitypod.com

2025 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 19:01
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 21:03

Вот романтик әрі уадешіл екен

+0
11 қаңтар 2013, 02:24

осыны жазып отырып, орындалмай қалған уәделерім еске түсіп кетті ;)

+0
11 қаңтар 2013, 09:16

uadenin oryndalgany kushti goi :P jaksy jazylypty)

+0
11 қаңтар 2013, 09:33

Уәде берді-орындады. Жарайсың!

+0
11 қаңтар 2013, 10:53

Күшті! Не деген үлкен еңбек! Уәдесіне берік болған нағыз азамат екен!

+0
13 қаңтар 2013, 05:03

мадес жигит екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...