Достық деп осыны айт!

Достық деп осыны айт!

Адам жанын тебірентер бұл оқиға Аустралиядағы Мельбурн жағалауының оңтүстігінде орын алды. Қарапайым күндердің бірінде осы мекеннің жергілікті тұрғыны Грэхем ханым әдеті бойынша өзінің сенімді серігі - Астор есімді атымен серуендеп жүреді. Кенет 18 жасар тұлпар жақында ғана болған су тасқынының әсерінен пайда болған шалшыққа аяғы тайып құлап кетеді. Аттың ештеңеге шамасы келместен былқылдақ құмға бата бата бастайды.

Осы сәтте таяу маңда атпен серуендеп жүрген Грэхем ханымның қызы жүгіріп жетеді. Екеуі күш біріктіріп, атты шығарып алуға тырысады. Қайдан шама келсін?!

Ештеңе шықпаған соң, анасы қызын көмек шақыртуға жібереді де, өзі аттың қасында қалады.

Әбден есі шығып, балшыққа шомылған Грэхем 3 сағат бойы аттың басын ұстап тұрған екен.

Мал дәрігері кәрі қожайын болмағанда, ат тірі қалмас еді дегенді айтып отыр.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева