Тас төсеніш жасайтын ғажайып машина

Тас төсеніш жасайтын ғажайып машина

Vanku B.V голландиялық компаниясы Tiger-Stone атты таңғажайып машина ойлап тапты. Машина несімен ерекше? Ақылды машина көшеге тас төсеніштерді бір жүргеннен-ақ төсеп өтеді. 

Ол өз жұмысын үш есе тез атқарады. Tiger-Stone машинасының электромотормен жалғасқан резина-металды шынжыр табаны бар. 

Бұл құрылғы уақыт үнемдейді. Бір төсеніш жасау үшін көп адам жұмылдырудың қажеті жоқ. Тек машинанның жанында бес-алты адам жүрсе болғаны... 

Айтпақшы, машинаның жылдамдығын да айта кетейік. Ол минутына екі метр шамасында тас төсеп үлгереді. 

Тастар өз орнымен түсу үшін алдындағы құрылғыға кірпіштерді салып отыру керек.

Олар өз кезегімен төсеніш болып жайылып көше бетіне түсе береді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: wowfacts.net

А. Әбілхан