Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Иф қорғаны

Иф қорғаны

Көптеген жылдардың қойнауында жатқан құпиялар мен аңыздарды бір бойына жинаған Иф қорғаны Франциядағы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Марсель қалашығындағы шағын ғана аралда орын тепкен. Бүгінде арал қорғанның құрметіне«Иф» деп аталады.

1516 жылы  Франция королі І Франциск кезекті жаугершілік сапарынан келіп, Марсель қаласына қоныс тебеді. Ол қалаға теңіз жақтан қорғаныс жұмыстары жүргізілмегендігін бірден байқап, алаңдай бастайды.

Патша бекер қам жемеген екен, көп уақыт өтпей жатып-ақ, V Карл өзінің қаптаған жауынгерлерімен бірге күтпеген жерден шабуыл жасайды. Бірақ, қала берілмеді. Жау беті қайтысымен, Франциск патша қамал тұрғызуды жоспарлайды. Нәтижесінде, 1527-1531 жылдар аралығында Иф сарайы салынды.

Иф өзінің мақсатын толықтай орындап шықты, жауға 1531 жылы тойтарыс беріледі. Құрылыс жұмыстарының басы-қасында болған патша да, жау да, құрылысшылар да қазір өмірде жоқ. Десе де, Иф әлі күнге дейін көзден таса болған емес.

1580 жылы бекініс түрме ретінде қолданыла бастады. Мұнда Францияның ең қауіпті деген жаулары, қылмыс жасаған беделді ақсүйектер отырғызылатын болды. Өйткені, қорғанысы мықты қамалдан қашып шығу мүлде мүмкін емес нәрсе. Түрме тәртібі қатал болғандығы соншалықты, ауыртпалықтарға шыдамаған мыңдаған адамдар өліп кеткен.


ХІХ ғасырда қамал өзінің мәртебесін өзгертті. 1890 жылдардан бастап түрме біржола жабылып, мұражай қызметіне ауысады. Ал 1926 жылдан кейін Иф тарихи ескерткіштер қатарына енді. Тіпті, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс басқыншылары осы жерде штаб ұйымдастырған. 

Иф сарайының ең басты құндылығы - атақты жазушы Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» романының дүниеге келуіне себепкер болуы. Дәл осы бекіністе Монте-Кристо туралы бірнеше фильм түсірілді. Тарихи деректер роман кейіпкерлерінің расымен осы қамалда өмір сүргендігін дәлелдейді.

Бүгінде қамалға ат басын бұрушы туристердің санында шек жоқ. Бұл жерден Марсель қаласының тамаша көрінісінің куәгері бола аласыз. Ал бекініс ішіне Монте-Кристо граф туралы фильмдердің үзініділері көрсетілетін теледидарлар қойылған.

Суреттер:intergid.ru,zamkimira.ru,island-of-mc.narod.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2806 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 қаңтар 2013, 03:33
Пікірлер
+0
01 қаңтар 2013, 19:45

жақсы дерек екен.

+0
03 қаңтар 2013, 20:37

Коретин жердин тизимине косып коймасам унап тур

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...