Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Прага – құпияға толы шаһар

Прага – құпияға толы шаһар

Прага – құпияға толы шаһар

Еуропаның жүрегі саналатын Прага қаласының әр көшесі, ғимараты, ескерткіші сырға толы. Әрқайсысының өз тарихы, өз аңызы, өз ақиқаты бар. Қала көшелерін аралап жүріп, көне заманға саяхат жасауға болады. Көне ғимараттар өз иелері туралы талай құпияны сақтаған. Бұл Праганың басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Готика бағытындағы қорған-сарайлар, ғимараттардың сәулеті, айналмалы тар көшелер, алып алаңдар кім-кімді болса да өзіне баурап алатындай.


Прага қаласы құрамында 57 қалалық бөлімі бар 22 әкімшілік аймаққа бөлінеді. Әр аймақтың жеке-жеке атауы жоқ. «Прага 1, Прага 2» деп кете береді.

Қала тұрғындары өте мәдениетті әрі жарқын жүзді. Мұны қала көшелерінің тазалығынан, жергілікті халықтың өзгелерге қарым-қатынасынан аңғаруға болады. Чех тілі мемлекеттік тіл, бірақ жергілікті халық орыс тілін жақсы біледі. Тек олармен баяу сөйлескен жөн.

Чех халқы католик дінін ұстанған. Қала мен шет аймақтарда шіркеу-ғибадатханаларда демалыс күндері діни салт-жоралар жүргізіледі. Шіркеу-ғибадатханаларда орган аспабымен музыкалық шығармалар үздіксіз орындалады.

Прага қаласын Влтава өзені екіге бөледі. Қаланың екі бөлігін бір-бірімен тас және болаттан тұрғызылған 18 көпір біріктіреді. Оның бірі - ең көне Карлов көпірі. Бұл көпір Прага қаласының мақтанышына айналған. 

Карлов көпірі 50 жыл бойы тұрғызылған. Көпірдің негізін XIV ғасырда IV Карл король қалаған. Карлов көпірін аспан астындағы мүсіндер галереясы деп атайды. Көпір ені 10 метр, ұзақтығы 516 метр. Аспан асты галереяда 31 мүсін бар. Ішіндегі ең танымал Ұлы Ян Непомуцкий мүсіні.Аңыз бойынша, Ян Непомуцкий IV Карл король бұйрығымен көпірден Влтава суына лақтырылды. Ол король әйелінің тәубеге келуінің құпиясын сақтағаны үшін жазықты болды. Ян Непомуцкий суға құлағанда айдын бетінде бес жұлдыз пайда болған. Мүсінде осы аңыз бейнеленген. Ян Непомуцкий мүсінін сипап, іштен арман-тілектерді айту керек. Бірақ та, арман материалдық сипатта болмауы тиіс.


Көпір маңында Влтава өзенімен қатар кішкентай өзен ағады. Бұл аймақты халық "Жергілікті Венеция" деп атайды. Ғашық жандар осы жерге арнайы келіп, көпірге құлып қойып, кілтін суға лақтырады. Бұл қарым-қатынастың сенімділігін, сезімдердің тұрақтылығын сипаттайды.


Жалғасы бар

Суретке түсірген: Ғазиза Ұзақ

995 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
20 ақпан 2012, 11:43

Прагага тоқалдарым ертіп бармасам! Керемет жер сияқты?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...