Швед қаласы ғарыш портына айналмақ

Швед қаласы ғарыш портына айналмақ

Швециядағы шағын ғана Кируна қаласы жақында ғарыш портына айналмақ. Онда қазірдің өзінде халықаралық әуежай бар. Қала келешекте ғарыш портына айналуды көздеп отыр. Ол жерден сурорбитальдық ұшыруларға қауқарлы ұшақтар ұшырылады деп жоспарланып отыр. 

Құрылыс жұмысына жауапты Spaceport Sweden компаниясы ең бірінші ұшырылымды он жылдан соң жүзеге асыратын болады. Ұшақ Жерден 100 шақырым қашықтықта қалықтамақ. 

Spaceport Sweden компаниясының айтуынша, Кируна осындай мақсатқа ең қолайлы қала болып отыр. Арктикалық қала Швецияның солтүстік аймағынан орын тепкен. Бұл жерде әуе байланысы да аз. Сондай-ақ аймақ халық тығыздығы жағынан да қолайлы. 

Құрылыс жұмыстарының аяқталуын күтуге шыдамсыз адамдарға компания қазірдің өзінде солтүстік шұғыласын тамашалауға мүмкіндік беретін ұшырылымдар ұйымдастырып отыр. Билет құны 1 мың АҚШ доллары. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет