Оқымай миллионер болуға қалай қарайсыз?

Оқымай миллионер болуға қалай қарайсыз?

Оқу орнын оқымай, оқығандардан да оза шапқандар көп. Олар әртүрлі компаниялар ашып, миллиондаған пайда тауып жатыр. Мәселен?

Мәселен әлемді мойындатқан спортшы Тайгер Вудс жас кезінде атақты Стэнфорд университетінің шақыру қағазын жыртып тастапты. Ол кәсіпқой гольфшы болғысы келген. Ал бүгінде оның пайдасы жылына 100 миллион теңгені құрайды екен.

Стефани Джоан Анджелина Джерманотта, түсінікті тілмен айтқанда Леди Гага Манхэттендегі қыз балаларға арналған мектепте бір жыл білім алған соң оқуды тастап, әншілік өнерге бет бұрған.

Харрисон Форд Висконсин колледжінде оқып жүріп, бітіру емтиханына бармай қойған. Себебі бұл кезде оған киноға шақырту келген екен. Ал он жылдан соң ол әлемге аты таралған актер болып шықты.

Тағы да сондай жағдай Том Хэнсктың басынан өткен. Ол театрда ойнау үшін оқуын тастап кеткен.

Марк Цукерберг Гарвардта оқып жүріп “Facebook” желісін ойлап тапқан. Бұдан кейін ол оқуды тастап, Пало-Альто қаласында өз компаниясын ашқан.

Джеймс Камерон Канадада туған. Кейінде отбасымен бірге Калифорнияға көшіп, сондағы университетке түскен. Бірақ ол официант қызға үйленген соң оқуын тастап, жүк көлік жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Күндердің күнінде «Звездные войны» фильмін көрген ол режисер болуды армандаған екен. Ал қазір оның «Аватар» фильмін көрмеген жан кем де кем.

Атақты сәулетші, философ және өнертапқыш Бакминстер Фуллер Гарвард университетінен екі рет қуылған. Бірақ оның жаңашылдығы оған кейінде миллиардтаған табыс әкелген.

Ең дәрежелі сәулетші Фрэнк Ллойд Райт 1886 жылы Висконсин-Мэдисон университетіне түсіп, бір жылдан соң оқуды тастаған. Қазір Нью-Йорктағы ең атақты Соломон Р.Гуггенхайм мұражайы Фрэнктың туындысы.

Енді болжамға келсек, Стив Джобс университетке түссе, кім біледі, қазір біз “Macintosh”, Ipod, Iphone секілді ең атақты техникалық құралдарды білмей жүрер ме едік?

Ал ең бай адам Билл Гейтс Гарвард университетінде оқып жүріп, 1975 жылы оқуды тастап, “Microsoft”-ты құрды.

Бізде ше, сіз қандай атақтыларды білесіз? Біздің елде мұндай адамдар бар ма?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: alexgnet.ru

А. Құлтай