Бразилияда балалардың Аяз атамен хабарласуы үшін телефон будкасы орнатылды

Бразилияда балалардың Аяз атамен хабарласуы үшін телефон будкасы орнатылды

Бразилияда жаңа жыл қарсаңында кішкентай балалар аяз атамен хабарласып, өз армандарын айтуы үшін сиқырлы телефон-автомат қондырылды. 

Рио-де-Жанейродағы "Oi" телекоммуникациялық компаниясы орнатқан телефон будкасы көпшіліктің көзайымына айналып отыр.

Балалар осы уақыттың тілімен сөйлесетін болады. Бейнемонитордан арнайы қарап отырған актерлер барлық сұрақтарға жауап беріп, балалардың қуанышын арттыруға, тілек-үмітін орындауға міндетті болады. Өз кезегінде бала телефонмен сөйлесіп тұрғанда, арт жағына тосын сый келіп қойылады. Сол мезетте қар жауып, көшенің арғы бетінде жаңа жылдық безендірулер пайда бола кетеді. Ал оның қасынан сиқырлы бұғылар жүріп өтіп, жаңа жылдық ән салу үшін балалардан құрылған хор жинала кетеді.

сурет:justlady.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига