Ресейлік Федор Конюхов Тынық мұхитын 200 күнде жүзіп өтпек

Ресейлік Федор Конюхов Тынық мұхитын 200 күнде жүзіп өтпек

Ресейлік 61 жасар Федор Конюхов өзінің ескекті қайығына отырып, Тынық мұхитын тігінен жүзіп өтуді жоспарлап отыр. 

Атақты орыс саяхатшысының сапары 2013 жылы басталмақ. Конюхов өзінің әрекетін дұрыс деп бағалап, 200 күннің ішінде ең алып мұхитты жүзіп өтетіндігіне сенімді көрінеді. Егер саяхатшы осы уақытта діттеген жеріне жетіп жатса, ол әлем рекордын жаңартады. 

Қазіргі кезде оның ескекті, шағын ғана қайығы ағылшын жерінде құрастырылып жатыр екен. Қайық бортында бір жылға жетерлік азық-түлік және ауыз су орналастырылады. 

Конюховта үлкен су айдындарын бағындыру тәжірибесі жоқ емес. Ол 2002 жылы "УРАЛАЗ" атты қайықпен Атлант мұхитын жүзіп өтті. Канар аралдарынан басталған саяхат Барбадоста аяқталды. Ол 3000 миль қашықтықты 46 күн, 4 сағатта жүзіп өтіп, жаңа әлем рекордын орнатты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: skocom.kz

Б. Қосмағамбет