Тотықұсқа арналған қоғамдық көлік

Тотықұсқа арналған қоғамдық көлік

Тотықұстың көлік жүргізгенін көріп пе едіңіз? Таяуда бір америкалық жас жігіт өз тотықұсына арнайы жүріп-тұруы үшін қоғамдық көлік жасап берді.

Адамдар көптеген жылдар бойына құстарға өз мінез-құлықтарын үйретіп әуре болып келген-ді. Тіпті, кейде жолдары болып отыратын. Әрине, мұндай жағдай орын алып жатса, көзге ыстық, көңілге майда тиері анық. 

Міне, сондай жастың бірі АҚШ-тан табылып отыр. Ол өз скутеріне (көлік) тотықұсты қондырды. Енді тотықұс көліктің жоғары бөлігінде орналасқан тетік арқылы қалаған уақытында жүріп-тұрып отыра алады. Арнайы тетіктің (джойстик) арқасында жас жігіт те басқара алатынын айта кеткен жөн шығар.

Бір жақсысы, қуаты таусыла бастағанда, көліктің өзі автоматты түрде қуаттағыш-орталыққа барады екен.

сурет:bolshoyvopros.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига