Минскте миллиардерлерге арналған бункер-қала тұрғызылмақ

Минскте миллиардерлерге арналған бункер-қала тұрғызылмақ

Pixelhead компаниясы жақында өзінің ерекше жобасын таныстырды. Ол бойынша, қала үлкен дуалмен қоршалып, жер астында орналасатын болады (шамамен 50 метр).

Болашақта бой көтеретін қала құрамына дүкендер желісі, үлкен бассейн, SPA-орталығы, химиялық тазалау орындары, сұлулық салондары, мұз айдыны, спорт зал, кинотеатр, шағын емхана және балабақша да кірмек. 

Бункер экологиялық жағынан таза материалдардан жасалған 42 жерасты қабатынан тұрады. Бункер жарықты күн сәулесінен алады екен. Ондағы пәтерлер де озық технология жетістіктерімен жабдықталған. Пәтерлердің есігі үлкен соққыға төтеп беретін берік темірден жасалған. Жоба авторларының айтуынша, бункердегі жерастындағы өмір жерүстіндегіден еш кем емес. Сатып алушының талғамы мен қалтасына қарай бір, екі, үш бөлмелі немесе "люкс" бункерлер ұсынылады.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uznayvse.ru

 


Б. Қосмағамбет