Су астындағы отель жобасы мақұлданды

Су астындағы отель жобасы мақұлданды

Poseidon Undersea Resorts компаниясы су астындағы отель жобасын әзірлеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Отель болашақта Фиджи архипелагы маңындағы жекеменшік бір арал маңынан салынбақ екен. Құрылыс жұмыстары екі жыл ішінде аяқталады деп күтіліп отыр.

89

2

Отель 12 метр тереңдікте су астынан тұрғызылатын болады. Құрлыққа лифтпен жабдықталған екі дәліз арқылы шығуға болады. Нысан екі бөліктен тұрады: біріншісінде 2280 шаршы метрлік нөмірлер, бар және мейрамхана орналасса, екіншісінде кітапхана, спа, конференц-зал және театр қызметтері көрсетіледі.

73

322

3

Қазірдің өзінде су астындағы отельде тұру бағасы белгілі. Қонақтар отельде кем дегенде бір апта демалып, ол үшін 30 мың доллар төлейтін болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com 

Б. Қосмағамбет