Нью-Йорктегі үрме ойыншықтардың шеруі

Нью-Йорктегі үрме ойыншықтардың шеруі

Жыл сайын Нью-Йорк қаласында үрме ойыншықтардың шеруі өтеді. Ең танымал мультфильмдердің, оның ішінде ертегілер мен қойылымдардың басты қаһармандары қала көшесін аралауға мүмкіндік алады. 

Айта кететін болсақ, үрме ойыншықтардың бұл шеруі Орталық саябақтан бастау алып, Бродвей көшелерінің қиылысындағы әмбебап дүкеннің кірер аузында аяқталады. Ал кешкісін отшашу ұйымдастырылады. Көздің жауын алатын әрі көңілге ыстық тиетін көріністер жыл сайын миллиондаған туристердің  назарын аудартады. 

Сіз сол жақта болып көруді қалайсыз ба?

суреттер:travel.ria.ru; relaxic.net; baursak.info; relaxic.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига