2013 жылы әлемдегі ең үлкен әйнек көпір салынбақ

2013 жылы әлемдегі ең үлкен әйнек көпір салынбақ

Екі құзар шыңның арасын тұтасымен жалғап тұратын әйнек көпір келесі жылы Қытайдың Хунань провинциясында бой көтермек. Көпір салынып болғаннан кейін тау аңғарына салынған тұңғыш көлбеу, әлемдегі ең биік, ең ұзын және тұңғыш рет жаңа тұрпатты күрделі материалдан салынған көпір сынды әлемдік үш рекордты жаңартады деп күтілуде.

Аталған құрылыстың дизайнында әлем назарын аударған Хаим Дотан, Дорон Чалев сынды танымал тұлғалардың қол табы қалып отыр. Қағаз жүзіндегі жобаның орындалу мүмкіндігі мен қауіпсіздігі мемлекеттік деңгейдегі талқылаулар мен сараптаулардан кейін ғана нақты іске асырылады.

Көпірдің аңғар тағанынан биіктігі 400 м, кеңдігі 3,2 м, ұзындығы 370 м болмақ. Бүкіл құрылысқа материал ретінде тек мөлдір әйнек істетілмек. Жоба авторларының айтуынша, олар туристердің көркем тау аңғарын, өзі тұрған жердің барлық бағытын толық көруіне мүмкіндік береді екен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 21cn.com

M. Auelkhan