Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Британдықтар өтірікшілерге қошемет көрсетпек

Британдықтар өтірікшілерге қошемет көрсетпек

Британдықтар өтірікшілерге қошемет көрсетпек

Кембридждегі Perse School мектебі оқушыларын тәрбиелеудің ерекше жолын тапты. Бұдан былай мектеп ережесі бойынша, өтірікшілердің жазадан босатылатындығы былай тұрсын, оларға сый-сыяпат көрсетілетін болады.

Басқаша айтсақ, оқушы өзінің ұсақ тентектігіне 10 секунд ішінде логикаға саятын себеп айта алса, жазадан босатылады. Оған сонымен қатар, қошемет те көрсетіледі.

Мектеп директорының айтуынша, әңгіме ауыр қылмыс туралы емес, ұсақ, балалықпен жасалған тентектік туралы. Бұған қарамастан, елдегі көптеген мамандар басшының бұл ісін сынға алды. Олар бұл әрекетті педагогика түсініктеріне сай емес деп есептейді. Эллиоттың өзі болса, өз шешімінің дұрыстығына күмән келтірмейді. Ол "құтылу үшін өтірік айту әдісі" балалардың адамдармен қарым-қатынас өнерін үйренуіне сеп болады деп отыр.

"Өскелең ұрпаққа тез ойлауды үйретуге үлес қосып жатқаным маған ұнайды. Оқушы 10 секунд ішінде сөз тауып, қиын жағдайдан шығып кетуді үйрену арқылы шешендігін дамытады. Бұл болашақ британдық кәсіпкерлер үшін өте керек қасиет", - деді Эллиот.

Қоғамдағы пікірлердің екіге жарылатындығы белгілі еді. Интернет бетінде осы жағдайға қатысты түрлі әзіл-қалжыңдар да пайда болды. Пікір білдірушілердің айтуы бойынша, директор осылайша жаңа саясаткерлер легін дайындап жатыр. Ал эскперт Сэм Лейт бұл туралы "данышпандық ой айту жай ғана өтіріктен де үлкен нәрсе" деп мысқылдады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: euromag.ru

407 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 қараша 2012, 18:05
Пікірлер
+0
27 қараша 2012, 18:23

:D өлтіреді )))

+0
27 қараша 2012, 18:36

кішкентайларды дұрыс тәрбиелеу ең алдымен анаға, сосын мұғалімге байланысты.

+0
27 қараша 2012, 19:36

неғып біздің кезде болмады екен :mrgreen:

+0
28 қараша 2012, 02:46

жақсы тәрбие деп айта алмаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...