Темекіге тойып алған бұғы адамдарға шабуыл жасады

Темекіге тойып алған бұғы адамдарға шабуыл жасады

Құрметті массагеттіктер! Біз сіздерге осыған дейін де жануарлардың ерекше мінез көрсетіп, адамдарға жасаған шабуылы жөнінде жазған болатынбыз. Олардың ішінде Үндістандағы пілдердің сыраға сылқия тойып алып, бүтін бір елді-мекенді қиратып кеткендігі де бар. Жақында осыған ұқсас  тағы бір оқиға орын алды. Бірақ бұл жолғы оқиға пілдерге емес, бұғыға қатысты.  

АҚШ-тағы Техас штатының екі тұрғыны бұғының жұмбақ жағдайдағы шабуылына тап болды. Дәлірек айсақ, Коул Келлис пен Джозеф Роуз өз үйлерінен шыққан бойда, қайдан шыққандығы белгісіз, кенеттен бір бұғы оларға қарай жүгіре бастайды. Оқиғаның дәл осылай өрбитінін күтпеген олар үй жанында тұрған көлік ішіне кіріп үлгерген. Алайда бұғы оларды артынан іздеп кеп, көлікті мүйізімен талқандай бастайды. Кенеттен көлік есігі ашылып, бұғы көлік салонындағы темекі қорабын көріп, оны түгелімен жеп қойған екен.

Оқиғаға тап болған екі куәгердің айтуы бойынша, бұғы үйдің жанында тұрғанда-ақ оның аузында басқа темекі қорабы болған екен. Абырой болғанда, дер кезінде көмекке келген полицейлер бұғыны электр қаруымен жансыздандырып, әлгі екеуін әзер құтқарған.

 

 Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kursiv.kz

Б. Қосмағамбет