26 қараша - халықаралық ақпарат күні

26 қараша - халықаралық ақпарат күні

Бүгін, 26 қараша халықаралық ақпарат күні (World Information Day). Бұл мереке халықаралық ақпараттандыру ұйымының шешімімен 1994 жылдан бастап, жыл сайын тойланады. Халықаралық ақпараттандыру ұйымы БҰҰ мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің ықпалымен біріге отырып жұмыс жасайды. Мереке әлем елдерінің бәрінде тойланады. 

Ақпарат, кең мағынада - мағлұмат, халықтан халыққа ауызша сөз тарату, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен мәлімет тарату (белгілі бір дыбыстың көмегімен, техникалық құралдар арқылы) дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберумен қатар, қабылдап алу да, тарату да осы мағынаға келіп саяды. 

Ақпарат адам өмірінде маңызды рөл атқарады. 20 ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты ақпарат та адам өмірінде кең етек ала бастады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда интернеттің жоғары деңгейде дамуы және ақпараттық технологияға сұраныстың көбеюі әлем елдеріне ақпарат саласының қажет екендігін дәлелдеп отыр. 

Массагет ұжымы ақпараттық салаға қатысы бар барша маман иелерін атаулы мерекелерімен құттықтайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: bezgrusti.ru

А. Әбілхан