Тайваньда картоннан жасалған мейрамхана ашылды

Тайваньда картоннан жасалған мейрамхана ашылды

Тайваньда әлемде ең алғаш болып тұтастай кәдімгі картоннан жасалған мейрамхана ашылды. Жаңалыққа жаны құмар туристер мейрамхананың безендірілуі мен қызмет көрсетуіне барлығы дерлік бірауыздан оң бағаларын беріп жатыр. Мейрамханадағы барлық үстелдер, қабырғалар, тіпті ыдыс-аяқтар да картоннан жасалған екен.   

Картонный ресторан

88

Мейрамхана Тайваньның Тайчун қаласында орналасқан. Мейрамханаға келген әр турист кешеннің тек қана картоннан салынғандығы емес, сонымен бірге аспаздардың асты да дәмді дайындайтындығын айтады.  

И посуда тоже из картона 

Мейрамхана қожайыны Хаунг Фан-Лян өз бизнесін қағаз шығарумен айналысатын компания директорымен кеңесе отырып, шыққан идеядан бастау алғанын жасырмады. Оған қоса, мейрамхана қағаз шығару компаниясына да үлкен жарнама болған екен. Себебі мейрамхана ашылғаннан кейін компанияның табысы 40%-ға өскен.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uznayvse.ru

Б. Қосмағамбет