Жапонияда Захи Хадидтің жобасындағы стадион салынатын болды

Жапонияда Захи Хадидтің жобасындағы стадион салынатын болды

Ұлты ирактық британдық архитектор Захи Хадидтің жобасы жаңадан салынатын Токио ұлттық стадионына жарияланған конкурста жеңіске жетті. Оның жобасы ондаған бәсекелестерінің арасынан озық шықты. Конкурс 1964 жылы Олимпиада ойындарын өткізген Кasumigaoka стадионын жаңарту мақсатында ұйымдастырылған еді. 

3

Жаңа стадион 2019 жылы спортшылар мен көрермендер игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Дәл осы жылы регбиден әлем чемпионаты жаңа Кasumigaoka стадионында өтеді деп күтілуде. 

57

Стадион барлығы 80 мыңнан аса көрермен жинайды деп жобаланған. Бұл суперстадион алаңында футбол, жеңіл атлетика және мәдени шаралар өткізуге болады. 

Стадион құрылысына кететін қаржы 1 миллиард 620 миллион доллар деп бағаланып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com