Парижде шоколадты орман пайда болды

Парижде шоколадты орман пайда болды

Парижде "Маймылдар планетасы" кинофильміндегі шоколадты орман жасалды. Белгілі скульптур Патрик Рожер салмағы бес тоннадан асатын, биіктігі үш қабатты ғимараттың бойындай алып тәтті ағаш тұрғызды.

Көптеген басылымдардың хабарлауынша, бұл ұлы туындының құрамында шоколадтан өзге дәнеңе жоқ. Автор бұл туындылары арқылы планетамыздағы әртүрлілікті сақтауға көңіл бөлу керектігін айтқысы келеді.

Кондитерлер өз туындыларын халық алдына шығарды. Кәдімгі орманнан еш айырмасы жоқ бұл шоколадты орман алып ағаштар мен тәтті маймылдарға толы. Маймылдардың бірін екі рет жасауға тура келген. Алғашқы нұсқасында оны шоколадты ағаштың бұтағын бұзып қойған.

Бұл Рожердің алғашқы жұмысы емес. 2009 жылы Берлин қамалының құлауына жиырма жыл толғанына байланысты 15 метрлік шоколадты скульптура тұрғызған болатын.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан 

Суреттер: glavnoe.ua, glavnoe.ua, newsfiber.com

А. Әбілхан